Жалпақталдың жігіттері жарады

402

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2015-жылғы түлегі, Самбодан әлем чемпионы Серіков Нұрбол Нәсіпкерейұлы, екінші сыныпта оқып жүрген кезінен ауылдағы күрес мектебіне барған. Алғашқы жаттықтырушысы Стамғазиев Жеңіс Қанатұлы. Бала кезінен спортқа құмар бала, бапкерлерінің сенімін ақтап, Қазақстан бойынша он бірінші, Батыс Қазақстан облысы бойынша төртінші, ал Жалпақталдан шықан самбодан бірінші әлем чемпионы. Қос өзен ауданында, елін мақтан тұтқан, елім деген жігітті ,ел көтеретін жалғасын тапқан үрдіс бар. Ауылдан шықан кәсіпкер жігіттер, еліміздің байрағын Румынияда көкке көтеріп, ән ұранды шырқатқан самбодан әлем чемпионы Серіков Нұрбол Нәсіпкерейұлына, Жалпақталдың жігіттері Тұрарбек Тілешов Тілемісұлы, Сартаев Алібек Дүйсенғалиұлы, Есмұханов Қайнар Тілепқалиұлы, Қарағойшин Александр Ахметқалиұлы, Хасанов Самат Хамзаұлы, Құрманғалиев Берік Маханбетұлы, ауылдың жігіттері ел мақтанышы, туған жердің атын шығарып жауырыны жерге тимеген жас жеңімпазға, Орал қаласынан екі бөлмелі пәтер сатып алып берді. Кәсіпкер жігіттердің айтуынша:

— Елдің атын – ер шығарады, Нұрбол енді тек осылай алған бағытынан таймасын, кейінгі жасөспірім жастар осы Нұрбол ағасындай жеңістің тұғырынан көрінсе,біздер тартынып қалмаймыз, біз секілді қанша кәсіпкерлер бар,осы үрдісті жалғастырып, жеңімпаздарымызға қолдау көрсетсе, әлі талай додадан қазақ жігіттері жеңіспен оралатыны сөзсіз! — дейді.

Бүгінгі жұма күні Жалпақталдың кәсіпкер жігіттері, заңды түрде құжаттарын рәсімдеп, Нұрболды жаңа құтты қоныс пәтерге, басқада жөн жоралғысын жасап кіргізді. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Аманбаева Әсия Рахсымқызы шашу шашып, құттықтады.

Рафхат Халелов.

Орал қаласы. Фотосуреттерді түсірген автор.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *