Сенаторлар сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобаларын қарады

1029

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қаралды. Келісім 2017 жылғы 1 қарашада Астанада жасалған болатын. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

Заң жобасының негізгі мақсаты уағдаласушы мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша тергеулерді, қылмыстық қудалауды және сот талқылауын жүргізуде көмек көрсетуі болып табылады.

Келісім күдіктілердің және айыпталушылардың кінәсін дәлелдеу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді көздейді. Сонымен қатар, құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі және одан бас тартудың негіздері айқындалған.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қаралды.

2017 жылғы 1 қарашада Астанада жасалған Келісім әрбір уағдаласушы мемлекеттің өз аумағында жүрген, ұстап беруге әкелетін қылмысы үшін сұрау салушы тараптың аумағында қылмыстық қудалау немесе сот үкімін орындау мақсаттарында іздеу салынған адамды ұстап беруіне бағытталған.

Сенаторлар сонымен қатар «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Келісімнің ережелеріне сәйкес беру сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімі болған шарттарда және беруге екі тараптың келісімі болған кезде жүзеге асырылады. Әрбір тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес берілген сотталған адамға қатысты кешірім жасауды, рақымшылықты немесе жазаны жеңілдетуді жүзеге асыруға құқылы.

Комитет «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын талқылады.

Заң жобасының мақсаты сот жүйесін жаңғырту, судья кадрларды сапалы дамыту және жаңарту болып табылады.

Конституциялық заң жобасымен Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың жалпы отырыстарының төралқалары жойылады. Облыстық соттың

кеңейтілген жалпы отырысы енгізіледі, оған облыстық соттың судьялары және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттарының судьялары қатысады.

Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысының құзыретіне жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жіберу мәселелерін қарауды, Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына судьялардың кандидатураларын қарауды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдар шығаруды жатқызу ұсынылады.

Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі құрылады, ол алты судьядан, кеңесші дауыс беру құқығы бар жұртшылық өкілдерінен және судьялардың қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің бір мүшесінен тұрады.

Заң жобасымен Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауы үшін мынадай негіздер белгіленеді:

1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;

2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдері;

3) тексерулердің қорытындысы бойынша расталған, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында қамтылған мәліметтер мен фактілер, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың шешімдері.

Заң жобасымен аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резерві енгізіледі, оны Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия қалыптастырады.

Сенаторлар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын қарады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыретін көздейтін толықтыру енгізіледі.

Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Жоғарғы Сот Кеңесінің судьяларды тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін атқаратын лауазымынан босату мәселелерін қарайтынын және Сот

жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастыратынын қарастыратын толықтырулар көзделеді.

Заң жобасымен Кеңестің заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарынан шыққан мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу белгіленеді, ол Кеңеске республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алатынын көздейтін толықтыру енгізіледі.

Құжаттар Палата қарауына берілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *