«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі «Түркістан-Түркі әлемі, Ұлы дала рухы» көрме – лекциясын ұйымдастырды

77

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Талғат Оразов пен Салтанат Ералиева Түркістан қаласындағы №6 М.Мәметова және №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептерінде «Түркістан-Түркі әлемі, Ұлы дала рухы» көрмесін және «Аң стилі – өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті» атты лекция ұйымдастырды. Бұл туралы тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы көптеген рухани құндылықтардың серпін алуына жол ашқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы іспетті. Мақалада Қожа Ахмет Ясауи мен оның айналасында жатқан хан-сұлтан, би-болыс,батырлар сынды тарихи тұлғалардың рухын асқақтатып, мұралар маңызын терең түсінуге, насихаттауға айрықша басымдық берілгені белгілі. Осы мақсатта өткізілген шарада өскелең ұрпақ Қожа Ахмет Ясауи және қорық-музейдегі құнды мұралар жөнінде мәліметтер алып, жәдігерлермен танысты. Басқосу барысында сауалдарын жаудырған оқушылар, жуырда ғана Елбасы Жарлығымен облыс орталығы атанған киелі Түркістанның түбі бір түркі жұртынның басын біріктірген рухани астана мәртебесіндегі маңызы мен келешегі жөнінде де ой білдіріп, туған жерді түлетуге қосқысы келер тұщымды пікірлерін ортаға салды.

Қорық-музей қызметкерлерінің көрме-лекциясы өзге де білім ұяларында жалғасын табады. Оқушылармен кездесу барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі арасындағы жан-жақты сабақтастық, байланыстар насихатталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *