Алексей Полторанин Словенияда алтын медаль иеленді

390

Шаңғы жарысынан ұлттық құрама көшбасшысы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан Альпі Кубогінде алтын медаль иеленді. Бұл туралы   Olympic.kz сайты хабарлайды.

 Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда жеңімпаз атанды. Оның уақыт көрсеткіші – 36:31.0.  Екінші орында эстониялық Карел Таммъяров (37:17.9), үшінші сатыда польшалық Доминик Бура (37:40.8).  Жарысқа жалпы есебі 70 спортшы қатысты.  Айта кетелік, Альпі Кубогі FIS ұйымдастыратын турнирлер қатарына жатады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *