Элизабет Тұрсынбаева Универсиадаға қатысады

77

АҚШ-тағы «Төрт құрлық чемпионатында» күміс жүлде иеленген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева алдағы уақытта Красноярскте өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарға қатысады.

Элизабет Тұрсынбаеваның жаттықтырушысы Сергей Дудаков Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, спортшының алдағы жоспарлары туралы айтты, деп жазады baq.kz.

«Төрт құрлық чемпионатынан» кейін Тұрсынбаева қысқы Универсиада ойындарына қатысады. Біз сол бәсекеде төрттік сальховты орындауды жоспарлап отырмыз. Қысқы студенттер ойыны аяқталған соң, Жапонияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Әлемдік додада жақсы нәтижеден үміттіміз. Қандай да бір тосын жайттарсыз, бір деммен өткізсек деген ойымыз бар. Ал содан соң, биылғы маусым аяқталады. Маусымаралық үзілісте Лизаға жаңа әуен, жаңа образ таңдап, жаңа бағдарлама дайындаймыз. Элементтерді орындау техникасын жақсарту басты мақсатымыз», — дейді Сергей Дудаков.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *