МАҚТААРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

200

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребековтың тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі аппараты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бірнеше күннен бері аудан бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, өткен сенбі-жексенбі күндері аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.Баһарам және №21 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, «САНҰР» қоғамдық телеарнасының тілшілері, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Атакент кентінің Ташкент, Ибраев, Төреқұлов, Көпжасаров, Қожанов, Қазақстан, Фрунзе көшелерінің бойында барақ типтес салынған тұрғын үйлерді, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар, көпбалалы жанұялар және жалғыз басты қариялар тұратын тұрғын үйлерді аралап, жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, газбен уланудың алдын алу және тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану, жылыту құрылғыларының құрылыс нормалары мен ережелерінің сәйкестігіне назар аудару, «Камень» пешін дұрыс пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, арнайы дайындалған жаднамалар таратылды.

«Кез келген өрт үй мүлкін жойып, мемлекетке және меншік иелеріне материалдық залал келтіретінін, тұрмыста өрттің туындауының негізгі себептері – балалардың отпен абайсыз ойнауы, қолдан жасалған жарамсыз жылыту құралдарын қолдану, пештерді дұрыс орнатпау сияқты т.б. себептер өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтары болып табылады. Сондықтан, аурумен күрескенше — оның алдын алғанды жөн көріп, түсіндіру жұмыстарын жылдағыдан ерекше қарқынды жүргізудеміз» — деді Б.Баһарам.

Түсіндіру жұмыстары барсыныда кенттер мен ауылдық округ тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарға қызметкерлер тарапынан түсінікті әрі сапалы жауаптар берілді. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша жылыту маусымы аяқталғанша қарқынды жұмыстар жүргізілетін болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *