Түркістанда су тоғандарына бақылау күшейтілді

381

Су ресустарын тиімді пайдалану ғаламшарымыздың басты мәселесіне айналып келеді. Экологтар күн өткен сайын дабылды ескертпелер жасауда. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы орын алды. Өйткені, халық саны ұлғайып барады, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде.

Бұл өз кезегінде суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. Су-тіршілік көзі. Сондықтан оны тиімді пайдалану бүгінгі күннің талабы. Өзен-көл, тоғандардың су көлемінің тиісті дәрежеде бақылануы-шығындарды азайтып, табысқа жетелейді. Түркістан облысы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісіне осы су тақырыбы қозғалды.

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев аталған мәжілісте: «Суармалы жерлерді қалпына келтіру бағытындағы каналдарды республикалық меншікке өткізілуі қажет. Облыстағы барлық су қоймалар мен тоғандардың жағдайына талдау жүргізілсін. Қатаң тексеріледі. Қар суы мен тасқын суларды жинау үшін жоспарланған 26 шағын су қоймасының ЖСҚ-н мерзімінде әзірлеп, құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Ал жаз мезгілінде егін алқаптарында су тапшылығын жою мақсатында арнайы іс-шара қабылдап, облыстың суармалы егістік алқаптарының ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырамын»,-деп атап өтті.

Қыс бітіп, көктем келіп қалған шақ. Сондықтан облыста күн тәртібіндегі негзігі мәселенің бірі- қар суы мен тасқын суларды жинау үшін су қоймаларын салу және реконструкциялау жұмыстары. Бұл туралы мәжілісте ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов кеңінен әңгімеледі.

«Кентау қаласындағы Шошқакөл тоғанын, Сарыағаш ауданындағы Дарбазасай су қоймасын салуға ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне инвестициялық ұсыныс берілді. Шошқакөл тоғаны бойынша ҚР ҰЭМ оң шешімі алынды. Су ресурстары комитеті тарапынан құжаттарын әзірлеуге қаржы қарастырылуда», — деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі келтірілген деректерді мұқият тыңдап шығып, ертерек, өңірдегі барлық су тоғандарына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *