Мадина Әбілқасымова: Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз

311

Бүгін Астанада өткен Үкімет отырысынан Мадина Әбілқасымоваға   отставкаға кету жайлы сауалдар қойылды. Министр БАҚ өкілдерне алдағы уақытта сыннан қорытынды шығаратындығын айтты.

«Біздің министрлік сынға ұшырады, себебі біз көптеген қиын мәселемен айналысамыз. Осы сынның барлығын ескере отырып, біз қажетті шараларды қабылдауға тырысамыз», — деді министр. М. Әбілқасымова министрлікке көпбалалы аналар өтініштер мен ұсыныстарын айтып келіп жатқанын жеткізді.

 «Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, келіп жатқан барлық ұсыныстарды жинап жатырмыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі сол арқылы арнайы есебін шығаруда. Барлық талаптарды жинаудамыз. Атқарушы органдарға ғана емес біздің министрлікке де көпбала аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *