Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

142

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен Марзият Юсуповна Тохаева Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды  Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Марзият Тохаева 1960 жылы Степняк қаласында туған. Көкшетау университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт еңбек өтілі бар. Әр жылдары Көкшетау қалалық тұрғындарды әлеуметтік қолдау бөлімі, Көкшетау қаласы әкімі аппараты және Ақмола облыстық қаржы басқармасында жауапты қызметтерді атқарды. 2005-2015 жылдары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, облыс әкімі аппаратының ішкі саяси жағдайларды талдау бөлімінде жұмыс жасады. 2015-2018 жылдары Ақмола облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасын басқарды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *