Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

296

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Президент көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 1957 жылы Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы — заңгер. Полиция генерал-полковнигі. 1979 жылдан бастап — тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары. 1988 жылдан бастап — Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары. 1989 жылдан бастап — Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы. 1992 жылдан бастап — Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары. 1997 жылдан бастап — Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы. 2003 жылдан бастап — Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы. 2005 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі. 2009 жылдан бастап — Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *