Алғабас-6 ықшам ауданында Ауған соғысының ардагері істен шыққан лифтінің құрбаны болды

538

Алматыдағы Алғабас-6 ықшам ауданында Ауған соғысының ардагері істен шыққан лифтінің құрбаны болды. 59 жастағы азамат бесінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен. Ер адам алты сағат бойы сол жерде жатқан. Үй тұрғындары бұл оқиғада лифтке жауапты мекеменің салғырттығына шүйлікті деп хабарлайды kazgazeta.kz NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 13-ші ақпанда түнде орын алған. Сағат 16:23-те тұрғын үйдегі лифт істемей қалып, алтыншы қабатта тоқтап қалған. Тұрғындардың айтуынша, бұл бірінші рет болып тұрған оқиға емес. Лифт бұған дейін де істен шығып тұрды дейді олар. Алайда, лифтінің есігін иықпен қағып жібергенде, ол қайта жұмыс істеп кететін болған.

Бұл жолы да 59 жастағы азамат дәл сол әдіспен лифтке мінбек болып, қаза тапқан.

Жастықбаев Талғат бесінші қабатқа лифтіні шақыртып, оның есігін әдеттегідей қағып кірмек болады.

Алайда, бұл жолы үйреншікті тәсіл іске аспаған. Лифт есігі ашылған сәтте, оның ішіне кірген ер адам шахтаға құлап кеткен.

Анықталғандай, ер адам лифт шахтасында шамамен алты сағат бойы жатқан. Марқұмның туыстары оны тек түн жарымда сол жерден анықтады. Оған қоса, соғыс ардагері ішімдік ішіп алғаны да белгілі болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *