Қазақстанда «Эреспал» дәрісіне берілген тіркеу куәлігі қайтарып алынады

140

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Эреспал» дәрілік препаратына берілген тіркеу куәлігін қайтарып алады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың 13 ақпанында жоғарыда атап көрсетілген препараттың тіркеу куәлігін қайтарып алу жөнінде шешім қабылдаған. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығының фармакологиялық комиссия мәжілісінде «Les Laboratoires Servier» (Франция) компаниясының өтініші қаралды. Онда ҚР мемлекеттік тізілімінде тіркелген «Эреспал» дәрілік препаратының және ХПА фенспирид деп аталатын басқа препараттардың тіркеу куәлігін тоқтату ұсынылды», — делінген хабарламада. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда «Эреспал» препараты туғызған жағымсыз реакциялардың бір де бір жағдайы тіркелмеген. Айта кетейік, «Эреспал» — респираторлық жүйені және тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған дәрілік зат. «Эреспал» қабылдайтын пациенттер үшін жүрек ырғағы бұзылуының аздаған қаупі бар. «Осы орайда, дәрі-дәрмектен жағымсыз реакция туындағанда пациенттер емдеуші дәрігермен бірге сары карта-хабарлама толтырып, ДЗҰСО ресми веб-сайты арқылы хабарлауына болады», — делінген министрліктің хабарламасында.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *