АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі тағайындалды

115

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды kazgazeta.kz  Америка Елшігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Уильям Мозер мырзаны Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде ант беріп, лауазымына кірісуімен құттықтаймын. Таяу уақытта оның келуін күтеміз», — делінген Елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасында. Уильям Мозер әр жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған және АҚШ-тың Молдовадағы елшісі болған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *