«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» АҚ 2018 ЖЫЛЫ САТЫП АЛУЛАР БОЙЫНША 51 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕДІ

1624

2018 жылғы сатып алулардың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 51 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемдеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Қуат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

«2018 жылы жаңа сатып алу моделі қолданысқа енгізілгеннен бері бәсекеге қабілетті сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 51 миллиард теңгені құрады. Мұндай нәтижеге 2018 жылы Қордың сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған ауқымды жұмыстардың арқасында қол жеткізілді»,- деп Қуат Қожахметов атап өтті.

Сонымен бірге өткен жылы Қордың сатып алу жүйесін жетілдіру бағытында белсенді жұмыс жүргізілді. Холдинг ішіндегі сатып алуларды қысқарту шаралары қабылданды. Оның арқасында 22 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделді.

Сатып алудың жаңа үлгісі 2018 жылдың ақпан айынан бастап қолданысқа енді. Осы уақыт аралығында жалпы құны 1 триллион теңгені құрайтын сатып алулар жарияланып, 24 мың әлеуетті жеткізуші тіркелді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2018 жылдың қорытындысы бойынша өткен жиналыста аталған модельдің табыстылығын атап өтіп, бұл бағытта жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Сатып алудың жаңа үлгісінің ерекшелігі цифрлық технологияларды пайдалану және барлық сатып алу процесін толық автоматтандыру болып табылады. Жаңа модель тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге сұранысты жоспарлаудан бастап сатып алуды өткізуге, келісімшарттар жасасуға және орындауға дейінгі  толық циклды жүзеге асыратын электрондық сатып алудың толыққанды ақпараттық жүйесі болып табылады

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Қуат Қожахметов өткен жылы жасалған оффтейк-шарттардың маңыздылығын атап өтті.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізділдіАтап айтқанда, «KEGOK» АҚ мен «Азия Трафо» ЖШС арасындағы, сондай-ақ, «Қазтрансойл» АҚ мен «KMG Automation» ЖШС арасында жалпы сомасы 4 млрд. теңгені құрайтын 2 пилоттық оффтейк-келісімшартқа қол қойылды. Мұның арқасында 220 жаңа жұмыс орны құрылды және кәсіпоррындар ұзақ мерзімді шарттармен қамтамасыз етілді»,- деп Қуат Қожахметов тілге тиек етті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап pko.skc.kz деген бұрынғы портал Қордың бірыңғай сатып алу платформасы zakup.sk.kz сайтына көшірілді. Мұндай жаңашылдық біліктіліктті алдын-ала іріктеуді оңтайландырды.Бірыңғай жүйе сатып алу порталында жеңіл сәйкестендіру үшін арнайы әзірленді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *