Қазақстанда 90-нан астам қауіпті интернет-сайт анықталған

371

2018 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті 92 қауіпті интернет-ресурсты анықтаған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«2018 жылы «WebTotem» жүйесі арқылы интернет желісінің қазақстандық сегментіне мониторинг жүргізу нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздік комитетінің мамандары ресурстың басты бетін ауыстыру (дефейс), сондай-ақ, криптовалюта табу (майнер) тіркелген 92 веб-сайтты анықтады», — деп жазылған хабарламада. 
Өткен жылдың желтоқсан айында АҚК мамандары бір қарағанда театрдың ресми сайтына қатты ұқсас театрдың жалған сайтын анықтаған. Оның көмегімен қаскөйлер жалған билет сатып келген. Құқық қорғау органдары алаяқтардың қылмысын тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *