Атырауда көп балалы 25 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды

323

Атырауда 5 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласының әкімдігінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісімен көп балалы 25 ананың марапаттау рәсімі өтті. Көпбалалы аналардың төсбелгілерін Атырау қаласы әкімінің орынбасары табыс етті.

Бүгінгі күні Атырауда «Алтын алқа» төсбелгі иелері — 1088, күміс алқалы аналар — 1559. Қалада 10 немесе одан да көп баланы тәрбиелейтін аналар саны — 283, ал 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы аналар — 5296, — дейді Атырау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Полымбет Хасанов.

Айта кетейік, көпбалалы 25 ананың 5-і «Алтын алқа», 19 ана «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *