ҚАЛАМДАРЫН ҚАРУҒА АЛМАСТЫРҒАН…

142

Түркістандағы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті Ауған ардагерлерін ұлықтауды бүгінде дәстүрге айналдырған.

Бүгінде айтулы күнді ұмыт қалдырмай, білім саласында еңбек етіп жүрген ардагерге құрмет көрсету мақсатында түрлі ісшаралар ұйымдастырылады. Жыл сайын 2 ардагерге 100% жеңілдікпен, 2 ардагерге 30% жеңілдікпен демалу-сауықтыру шипажайларына жолдама беріп отырады. Биылғы 30 жылдық басқосу ерекше леппен өткізілген.

Кәсіподақ комитетінің оқу әдістемелік орталығында өткен іс шараға білім саласында еңбек етіп жүрген 11 ауған соғысының ардагерлері қатысып, белгісіз соғыстың құрбаны болған боздақтарды бір минут еске түсіріп, тарихтың таңбалы бетінен орын алған соғыс жайында бейнеролик көрсетілді.

Ауған соғысы ардагерлерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Б.Қилыбай құттықтап, марапаттаған.

Сонымен бірге «Ұстаз мерейі – ел мерейі» атты Республикалық журналистер арасындағы байқауға белсене қатысқан А.Ғаниқызын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Алғыс хатымен», «Шапағат» мүгедекер қайырымдылық қорының төрағасы Е.Шалтанға, өнер саласында көп жылдар қызмет атқарып жүрген А.Ахметовке, ауғандық ардагерлер Ғ.Абдурашитов пен Н.Адырбековке «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» қызметкер төсбелгілері, ардагер З.Абдураимовты, Ж.Жантілесті «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абайқызы ардагерлерді кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

Қатысқан ардагерлер кәсіподақ комитетіне арнайы ұйымдастырған іс шарасы үшін алғыс сезімдерін жеткізді.

Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *