Арқалықта қар құрсауында қалған 14 жолаушы құтқарылды

169

Арқалық-Жезқазған тасжолында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды.

Бүгін сағат 09:00 шамасында облыстық ТЖД кезекші бөліміне «Арқалық-Жезқазған» тасжолында 2 жеңіл көліктің тұрып қалғаны туралы хабар түскен. «Жалғызтал ауылынан 15 шақырым жерде Toyota «Corolla» және «Газель» маркалы екі автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктердің ішінде барлығы 14 адам болды», — деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Оқиға орнына Арқалық қаласы Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Олар арнайы көліктермен жолды тазалап, адамдарды оқшау жерге көшірді. Құтқарушылар тобы қар құрсауында қалған адамдарды Арқалық қаласына жеткізді.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *