Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі шақырады

730

2019 жылдың ақпан-сәуір айларында өтетін көрмелер мен экспозициялық залдарды тамашалауға шақырады.

Жоспардағы көрмелер:

2019 жылы 27 ақпанда сағат 15.00-де суретші Мақсат Қаңтарбаевтың «Шежірелі нақыштар» атты суретшілер әулетінің көрмесі ашылады. Көрме 2019 жылдың 14 наурызына дейін жалғасады.

 Музей «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесе 2019 жылдың 1-3 наурыз күндері «Бәйшешектер гүлдегенде» Орталық-Азия қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

 2019 жылдың 14 наурызда сағат 16.00-де Алматыдағы Венгрияның Бас консулдығымен бірлесіп «Венгрияның ірі жабайы және табиғат үйлесімі» атты фотокөрмесі ашылады.

 Алматы қаласындағы Гёте-Институтымен бірігіп 2019 жылдың 15 наурыз күні «Германия – өнертапқыштар елі» Халықаралық интерактивті көрме өткізеді. Көрме 2019 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.

 2019 жылдың 18 наурызы күні Наурыз мейрамына арналған «Наурыз бояулары» атты іс-шара.

 2019 жылдың 27 наурызы күні ғалым-музыкатанушы, композитор А. Затаевичтың 150 жыл толуына арналған «Дала әуенінің ізімен» көрменің ашылуы өтеді. Көрме 2019 жылдың 11 сәуіріне дейін жалғасады.

Өтіп жатқан көрмелер:

 «Музейге сый – ұрпаққа аманат» атты көрме. Көрмеде 2017-2018 жылдары музей қорын толықтыру үшін халық сыйға тапсырған музейлік мәні бар заттар (ұлттық киімдер, тұрмыстық бұйымдар, белгілі тұлғалардың жеке заттары мен отбасылық мұрағаттағы суреттері және т.б.) қойылған.

 Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған «Жанымды жаралаған Ауғанстан» көрмесі. Көрме 2019 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.

 «Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар: қыштағы ою өрнек өнері музей қорынан алынған қыш материалдар негізінде)» Қазақстан аумағынан абылған шыңылтырлы және қалыпталған қышты сәндеуде қолданылатын ою-өрнектердің саналуандығы (зооморфтық, геометриялық, көгөріс және эпиграфиялық) туралы көрме. Көрме жылдың соңына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты экспозициялары:

1-зал: Палеонтология және археология залы;

2-зал: Тарихи этнография залы;

3-зал: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және Қазақстандағы диаспоралар мәдениеті залы;

4-зал: Қазіргі Қазақстан залы;

5-зал: «Ашық қор. Қазақстанның археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1300 тг.

6-зал: «Антропология музейі» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.

7-зал: «Н.Г. Хлудов» залы экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *