ҚР Ішкі істер министрі 10-сынып оқушысын марапаттады

263

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 10-сыныптың оқушысы Нәдір Омарғазиевті марапаттады, ол Астанада бес жасар баланы құдықтан алып шыққан.   Министр мектеп оқушысына «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін табыстады. Ерлік жасаған оқушыға сонымен қатар естелікке смартфон сыйлады.

«Нәдір ерлік жасады, ешкімнен көмек сұрамай, баланы құтқарып қалды. Полицейлер оқиға орнында үнемі бола бермейді. Осындай уақытта Нәдір шешім қабылдап, кішкентай баланы құтқарды. Ата-анасына берген тәрбиесі үшін алғысымды білдіремін, мектепке де ризашылығымды айтқым келіп отыр», —  деді Е.Тұрғымбаев марапаттау рәсімінде. Осыдан кейін министр мектеп оқушысына төсбелгіні тағып, естелікке смартфон сыйлады.

Айта кетерлігі, егер Нәдір болашақта құқық қорғаушы болғысы келсе, оған Ішкі істер министрлігінің академиясында арнайы квота берілетін болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *