Шетелге кетіп жатқан білікті жастардың қатары көбейген

477

Депутаттардың айтуынша, соңғы уақыттары елімізде жастардың саны бұрынғыға қарағанда азайып қалған. Оның бір себебі — шетелге оқуға кетіп, кейіннен елге қайтқысы келмейтіндердің саны артуда. Бір өкініштісі, олардың көбі дарынды, талапты жастар.

— Бір Ресейдің өзінде 70 мыңдай шәкіртіміз біліп алып жатыр. Олардың елге түгел қайтуы неғайбыл. Өйткені, қолдағы дерекке қарасақ, әр саладағы білікті мамандардың шетел асуы 34-тен 88 пайызға дейін көбейіпті, — деді Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен. Министрдің айтуынша, олардың көбі  жайлы өмір,  тілдік ортасын іздеген өзге этностардың өкілдері.

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев бұдан трагедия жасамау керектігін, елден кетіп жатқандардың 70 пайызы өзге этнос өкілдері екенін және олардың тарихи отанына оралуы заңды құбылыс екенін айтты.

Ал, жастар санының азаюына әсер етіп отырған екінші мәселе — суицид. Елімізде былтыр өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің саны  628-ге жеткен. ҚР Қоғамдық даму министрі алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл суицидтің белгілі бір дәрежеге азайғанын айтады.

 — Былтырғымен салыстырғанда әрине, азайды. Енді көпке азаймаса да азайып келе жатыр. Психологтар жетіспейді. Әсіресе, қазақтілді психологтар табу өте қиын. Біріншіден, олардың кәсіби деңгейі айта кету керек, жоғары емес, — дейді Д. Қалетаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *