2019 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады

408

Қазақстандықтар 2019 жылы ұзын саны 120 күн демалатын болады. Наурызда қазақстандықтар 14 күн демалатынын, ал мамырға 10 демалыс күні берілетінін ескере отырып, өз демалысы туралы алдын ала қам жеген және алдын ала брондау қызметін пайдаланған жөн. Бірақ, әдетте, алдын ала брондау кемінде үш аптадан 3-6 айға дейінгі мерзімді қамтиды. 

«Мысалы, түрік, мысыр, тай және эмират бағыттарындағы турларды алдын ала брондаған кезде (3-6 ай аралығы «ерте» болып есептеледі), сондықтан 30-50% дейінгі жеңілдіктерді ұсынады. 60%-ға дейін жеңілдік жасауға дайын жомарт қонақ үйлер де бар«, — деп «Туристік Қамқор» Корпоративті Қордың баспасөз-қызметі хабарлайды.

 Арзан турды сатып алу үшін міндетті түрде соңына дейін созу және уақытша жеңілдікпен тез арада сатылатын жолдамаларға жармасу міндетті емес екендігін қазақстандықтар әлі толық түсіне қойған жоқ. Көптеген отандастар үшін шетелде демалу біршама салт және ұзағынан жоспарланатын, барлық ұсақ-түйек ескерілетін және ойластырылатын өміріндегі ең үлкен оқиға болып табылады. Алдымен брондау сенімділікті, жайлылықты бағалайтын отандастарымыз үшін ыңғайлы болып келеді. Шынында брондау жыл басында басталады және сәуір айына дейін жалғасады, ал кейбір жағдайларда одан да кеш. Осыған ұқсас қызмет «ыстық» маусымның басталғанға дейін алдын ала қонақ үйді таңдауға ғана емес, сонымен қатар, туроператордан қомақты жеңілдік алуға да мүмкіндік беретіні рас.

 2019 жылы Қазақстанда бірқатар жаңа авиақатынастар ашылады. Бұл — Прага, Ұлан-Батыр мен Токио. Бірінші екі бағытта «Скат» қызмет көрсететін болады. Мамырда «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толықтырылатын болады. Ұлан-Батырға бірінші рейс 2-маусымда жасалады.

Сондай-ақ, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге авиарейстерді қайта жандандырады. Осы қалаларға арналған тікелей рейстер Астанадан жүзеге асырылады. Ресейлік S7 авиакомпаниясы Новосібір-Астана бағытымен жаңа рейсті ашпақ, сондай-ақ Мәскеу-Семей жаңа бағыты да ашылады.

Сондай-ақ, Корпоративті Қор демалушыларға турагенттерден Туркодты талап ету керектігін айтады. Туркод 11-13 әріп-цифрлық символдан тұрады (шығу еліне қарай). Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл код әр турист үшін бірегей болып табылады. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист Қормен байланысқа шығады, өз туркодының нөмірін хабарлайды және алдағы 24 сағат ішінде жедел көмекті күтеді.

Шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі пайда болған сәттен бастап жүйе басқарушысы – «Туристік Қамқор» корпоративтік қор (КҚ) шетелге демалуға шыққан қазақстандықтар үшін 630 мың ТУРКОД берді және олардың барлығы аман-есен демалып, елге оралды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *