Картоп Райымбек пен Кеген аудандарының басымдық беретін дақылына айналды

1508

Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Райымбек ауданын бөлу арқылы Райымбек және Кеген аудандары құрылған болатын. Райымбек ауданында өткен жылдан бері өнеркәсіптік картоп өндірісі дамытыла бастады. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Картоп өндірісін дамыту үшін 26 бірлік техника мен картоптың элиталық тұқымдары сатып алынып, екі сервистік-дайындау орталығы құрылды. Алғашқы 100 гектарда өнімділік 300 центнерді құрады, бұл бұрынғыдан 2 есе жоғары (187 ц/га).

Облыс әкімі екі ауданның дамуына облыстың барлық аудан, қалалары өз үлестерін қосып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар барлық басқару органдары құрылып, әкімшілік ғимараттары мен әлеуметтік нысандарының қайта қалпына келтірілгені, халықтың көші-қоны тұрақтанғаны айтылды. Соның нәтижесінде 700-ге жуық адам өз туған жерлеріне қайта оралды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *