Алматыда Тынық мұхитының дельфиндері өнер көрсетуде

2219

Алматыда аптаның алты күнінде «НЕМО» дельфинарийінен дельфиндер шоуын тамашалауға болады. Шоу күніне үш рет жүргізіледі. Ақылды дельфиндер мен теңіз мысықтарының судағы өнері келген жанның барлығын тамсандырмай қоймайды. Ерекше қабілетке ие әртіс пе дерсің?! Су үстіндегі сүтқоректілердің өнері бір сағатқа созылады. Соңынан дельфиндерді қолмен ұстап, суретке түсе аласыз. Тіпті, дельфиндермен суда жүзіп, қызықты қылықтарын барынша жақыннан тамашалауға да болады. 

«НЕМО» дельфинарийлері — Украина, Ресей, Белоруссия, Молдова, Қазақстан мен Таиланд елдерінде көпшілікке қызмет көрсетеді. Дельфинарий халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген және теңіз сүтқоректілерінің мазмұны бекітілген конвенциялар мен талаптарға сәйкес жұмыс істейді.

«НЕМО-ның» заманауи архитектурасы үздік шоу-бағдарламамен таң қалдыратын бірегей кешен. Сондықтан, мұнда дельфин көруге келетіндер тоқтаған емес.

Дельфинге қол тигізу адамды бақытқа бөлейді деген сенім бар. «Немо» дельфинарийі көптеген ұмытылмас әсерлер мен жағымды эмоцияларды мекені істептті.

 Мария ДЗЮБЕНКО:

Алматылық «НЕМО» дельфинарийінің теңіз сүтқоректілері жаттықтырушысы:

-Мен мұхит әлемімен 10 жыл бұрын таныстым. Оларды сүймеу мүмкін емес секілді. Алматы дельфинарийінде 4 жылдай уақыт жұмыс істеп келе жатырмын. Бұл дельфиндер Тынық мұхитынан әкелінген. «НЕМО» дельфинарийінде қазіргі уақытта 3 дельфин (аталығы, аналығы және кішісі,) 2  Оңтүстік Америкалык теңіз мысықтары мен 1 теңіз арыстаны бар. Бұл дельфиндер сондай-ақ, медицина тұрғысынан да адамдарға көп көмегін тигізеді. Мысалы, біздің орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дельфиндермен жүзу оқу-жаттығулары өткізіледі. Дельфиндердің күтімі өте ауыр. 24 сағат жандарында болып, үнемі денсаулыктарын бақылап отыру қажет. Олар тек қана балықпен қоректенеді.

Бақытжан САДЫҚОВ,

Алматы облысының тұрғыны:

-Бүгін осы дельфиндер шоуына 2,5 жастағы қызымды алып келдім. Шоуды басынан-аяқ тамашаладық. Қызым қатты қуанды, ерекше шаттанды. Үйде теледидардан ғана көріп жүрген жануарды өмірде көру керемет қой. Тіпті, дельфиндерді ұстап та көрді. Бүгін бір керемет әсер алды. Ал дельфиндер шоуы сөзсіз ғажап өнер. Жаттықтырушыларына алғысым шексіз. Осында отырған барлық бала қуанды. Тіпті теңіз мысықтары қасымызға келіп билеп берді. Енді қалай таңқалмасқа?! Табиғат берген жаратылыстың адамдарға осыншама қуаныш сыйлай алуы, шындығында адамның табиғат перзенті екендігін тағы бір айшықтайды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(фото, видеоны түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *