АЙЗАДАНЫҢ ӘН КЕШІ

745

«Астана Опера» театрының солисті Айзада КАПОНОВА жарқын талантымен көрініп келе жатқан әншілердің бірі. Қазіргі таңда оның есімі алыс-жақын шетелдердің де өзінде белгілі бола бастағанын айта кетуіміз керек.

Жуырда Құрманғазы оркестрінің концерт залында Айзада Капонованың шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Кештің аты «Әнші бақыты» деп аталды. Аталған шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдық мерейтойы мен еліміздегі «Жастар жылы» аясында өтті.

  Концерт барысында А.Капонова композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Кел, еркем, Алатауыңа», халық әні «Шилі өзен», Нұфтолла Шәкеновтің сөзіне жазылған, Нұрғиса Тілендиевтің әні  «Ақ шағала, Қ.Бәйсейітовтің сөзіне жазылған, Манарбек Ержановтың әні  «Қуанамын». ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сүндет Байғожинмен қосыла шырқаған халық әндері «Ауылың сенің іргелі», «Аққурай», Мұзафар Әлімбаевтың сөзіне жазылған Сыдық Мұхамеджановтың әні «Көктем вальсі», Еркеғали Рахмадиевтің «Әнші бақыты», Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку», Иоганн Штраустың «На прекрасном голубом Дунае» және т.б. шығармаларды шырқады.

Өнер кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батыржан Мықтыбаев Нұрғиса Тілендиев «Аққу» күйін орындады.

Шара соңында Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің Құттықтау хатын Досқазы Сүйіншәлиев тапсырды. Сонымен қатар өнер иесіне Құрманғазы оркестрінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дауешов жылы лебізін білдіріп, оркестрдің құттықтау хатын табыс етті.

Әнші жайында мәлімет беретін болсақ, А.Капонова Қазақ Ұлттық музыка академиясын «Вокал өнері» мамандығы бойынша, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері – Қанат Нұрмұхамедұлы Омарбаевтың сыныбын бітірген. 2008-2012 жж. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера  және балет театрының солисті, 2013 жылдан бері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры опера труппасының солисті. Осы уақыт аралығында Алматы қаласында өткен Халықаралық вокалшылар байқауы, «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің жүлдегері, «Құрмет» орденінің иегері. Көптеген өнер ұжымдарымен әлемге танымал АҚШ-ң Карнеги холл (Carnegie Hall), Франция қаласы Юнесконың штаб-пәтерінде, Барселонаның Palau de la Música залы, Мадрид қаласының Ұлттық концерттік залдарында (Auditorio Nacional de Música) қазақ өнерін насихттап жүрген  жүрген талант иесі. 

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ,

Сабина ОЛЖАБИ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *