«Бюджет викторинасы»  

726

Алматыда «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры «Бюджет викторинасын»  өткізді. 

Шараның мақсаты Алматы қаласының бюджеті туралы білім сайысып,  бюджет саласы кәсіпқойларымен сұхбат өрбіту болды. Бюджет викторинасында екі топ сайысқа түсті. Олар 23 сұраққа жауап беріп, оның 17-сі дұрыс болды. Шара ұйымдастырушысы, Шолпан Айтенова журналистердің жауаптарына жақсы баға берді. Сондай-ақ, бюджет викторинасының аясында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы «Алматы қаласы бойынша: Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді үйренуі» атты презентациясын жасап, жиналған көпшілікке біршама ақпарат берді. 

Шара аясында жаңа тренингтік шараның өтетіндігі де хабарланды. «Сорос-Қазақстан Қоры» (СҚҚ) «Ашықтық және есептілік» бағдарламасы аясында және «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, қоғам белсенділерін, журналистерді, блогерлерді, тәуелсіз зерттеушілерді, аналитикалық орталықтардың сарапшыларын, және үкіметтік емес ұйымдарды, қазақ тілінде өтетін «Open budget fellowship-2019» тренингтік бағдарламасына қатысуға шақырады.

Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік қаржы саласының ашықтығын, есептілігін, тиімділігін, оған жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз ететін және осы саладағы кең диалог құруды ынталандыра алатын мамандардың желісін құру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • мемлекеттік қаржы саласында аналитикалық және практикалық дағдыларды дамыту;
  • бюджеттік деректерді іздеу, талдау және бейнелеу дағдыларын жетілдіру;
  • мемлекеттік қаржы саласында ашықтық бастамалар құндылықтарын насихаттау;
  • Бюджеттік процесс, оған жұртшылықтың қатысуы мен қоғамдық бақылау механизмдері жайлы халықтың хабардар болуын арттыру.

Бағдарлама барысында қатысушылар тәлімгерлердің қолдауы арқылы ашықтық, есептілік, тиімділік және мемлекеттік қаржы процесстеріне жұртшылықтың қатысуы саласында таңдалған тақырып бойынша зерттеу жобасын әзірлеуге және зерттеу жүргізуге мүмкіндік алады.

Қатысушылар мемлекеттік қаржы саласындағы құзыреттіліктерін және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған бес-күндік төрт тренингке қатысады.

Ашық байқаудың қорытындысы бойынша жобаға қатысатын 20-ға жуық үміткерлер іріктеліп алынады, олар бірінші тренингке қатысқаннан кейін және практикалық үй тапсырмаларын орындағаннан кейін олардың арасынан 12-15 қатысушылар іріктеледі, олар келесі тренингтерге қатысады.

Жоба кезеңдері:

1-ші кезең: Қатысушыларды іріктеу

2019 жыл ақпан-наурыз: бағдарлама қатысушы-үміткерлерін іріктеу

2-ші кезең: оқыту сессиялары

2019 жыл сәуір-қыркүйек.

Байқауға қатыса отырып, үміткерлер өздерінің бағдарламаның барлық сатыларына қатысатындығын және оны іске асырудың барлық кезеңдері мен насихаттауына қатысатындығын растайды.

Байқауға қатысуға келесі азаматтар шақырылады:

  • Қоғам белсенділері
  • Журналистер, блогерлер
  • Тәуелсіз зерттеушілер
  • Аналитикалық орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары

 Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды мониторингтеу және бағалау бойынша іс-шараларға қатысу тәжірибесі болуы
  • Бюджеттің ашықтығы мен есептілігіне шынайы қызығушылығының болуы
  • Ашық қоғам құндылықтарын сақтау және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ашық талқылау қағидаттарына бейілділігі

 Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Бағдарламаның барлық сессияларына міндетті түрде қатысу және барлық тапсырмаларды орындау;
  • Бағдарламаға қатысқандығы туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде және бағдарламаның арнайы парақшасында белсенді түрде насихаттау;
  • Бағдарламаның сессияларының барысында өндіріліп шығарылған барлық өнімдердің, визуализациялардың жариялануына келісімін береді.

Әзірлеген: Д.Балабекұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *