Франциялық сарапшы қазақстандық студенттерімен кездесті

304

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты және Тоталь компаниясымен бірлесіп «Тұрақты даму мақсатында жаһандық азаматтықты дамыту» оқу бағдарламасын жүзеге асыруда.

Серіктестік және ынтымақтастық негізінде 2019 жылы ақпан айында профессор Эрве Оберрейнердің (Herve Oberreiner) «таланттар мен көшбасшылықты дамыту» («Developing Talents and Leadership») тақырыбы бойынша бакалавриат, магистратура студенттері мен университет докторанттары үшін әртүрлі мамандықтар бойынша алғашқы дәріс және практикалық сабақ өткізілді.

Дәріс барысында профессор Эрве Оберрейнер өзінің мұнай-газ секторындағы тәжірибесі мысалында көшбасшылықты дамыту және таланттарды басқару мен мансаптық өсуді басқарумен байланысты тақырыптарды қозғады. Сонымен, мән-жайларды анықтап берген тақырыптардың арасында мыналар болды: «Introduction to talent management leadership development»; «Career management: how the short, medium and long term intersect»; «Career management: a shared responsibility»; «Recruitment: a coherent policy». Сонымен қатар, профессор мансаптық өсуді басқарудың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларының ерекшеліктері туралы айтты. Дәрістік сабақтар аясында магистранттармен бірге персоналды (дәйекті саясат) қабылдау бойынша практикалық есептер зерделенді.

Оберрейнер мырза таланттарды дамыту саласындағы тәжірибелі халықаралық сарапшы болып табылады және әлемнің көптеген университеттеріне дәріскер ретінде шақырылады (Франция, Қытай, Таяу Шығыс және Азия елдері).

Дәрістің негізгі мақсаты — студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен толықтыру және кадрларды іріктеу процесін түсіну және мансаптық өсуді және таланттарды басқару.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы ғылым мен білім саласындағы жаһандық азаматтық пен халықаралық ынтымақтастық идеяларын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *