«Фотографиядағы авторлық құқықтарды қорғау мәселелері»

473

Алматыда 27 ақпан  күні «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің ұйымдастыруымен  «Фотографиядағы авторлық құқықтарды қорғау мәселелері » атты дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдiң мақсаты — фотографиядағы авторлық құқыққа қоғамның өркениетті қарым-қатынасын қалыптастыру және фотоөнім авторлары қауымдастықтарына Қазақстан Республикасы авторлық құқықты қорғау жөніндегі заңнамаларын түсіндіріп, ақпараттандыру.

Дөңгелек үстелге фотосуретшілер, фотожурналистер, осы салада жұмыс істейтін адвокаттар, заңгерлер, журналистер, ақпарат құралдары мен интернет қауымдастықтың өкілдері, Алматы қаласындағы жарнама және маркетингтік агенттіктердің өкілдері, мемлекеттік орган өкілдері қатысады.

Іс-шараның өтетін орны:  Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39,  Байсейітов көшесінің  қиылысы

Өтетін уақыты: 15:00, 27 ақпан. Байланыс телефоны: +7 705 218 36 73

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі

Фото: Қуанышбек ҚАРИ

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *