Ұлттық банктің жаңа басшысы тағайындалды

378

Парламент Сенаты Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, конституциялық нормаларға сәйкес Президент Ұлттық банк басшысын тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. «Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банк төрағасын тағайындауға кандидатураны келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол өз қызметінде білікті қаржыгер ретінде көрсетті. Мен тағайындауға келісім беруіңізді сұраймын», — деді Президент Әкімшілігінің төрағасы Әсет Исекешев.

 Сенат депутаттары Досаевты лауазымға тағайындауға бірауыздан келісті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *