ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

215

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып Роман Скляр тағайындалды. 

Депутаттар  Роман Склярдің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады

Бұған дейін бұл қызметті Жеңіс Қасымбек атқарған болатын.

Айта кетсек, Скляр Роман 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында туған.

«Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін, сондай-ақ «Экономист» мамандығы бойынша Мәскеу қазіргі заман бизнес институты мен «Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында Слесарь-монтажшы болып бастап, кейін «Вахинвест» БК-да техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер және коммерциялық салада қызмет еткен.

2002-2003 жылдары Павлодар облыстық дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім бастығы, 2003-2005 жж. Павлодар қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болып еңбек етті. 2005-2006 жж. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, аппарат жетекшісі, 2006-2007 жж. Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Одан кейін Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық (басқарма басшысы) департаментінің директоры (10.2007-10.2008) болды. 2008 жылғы қазан айынан 2010 жылғы қараша айына дейінгі мерзімде Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

2011 жылғы 17 мамырдан 2013 жылғы қазан айына дейін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2014-2016 жж. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті болған. 2016 жылғы наурызда «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және аймақты дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016 жылғы мамыр айында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі (05.2016-23.12.2016) болды.

2016 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

«Құрмет», «Парасат» ордендері (2017 ж.) «Астананың 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *