Ас тұзының тағы бір зияны анықталды

728

Германиялық ғалымдар тұздың тағы бір зиянын анықтады. Дәлірек айтқанда, ас тұзының адам ағзасында жиналуы аллергияға шалдықтырады.  Өйткені тұз жасушалардың аллергия тудыратын ақуыз қалыптастыруына ықпал етеді.

Мамандар атопиялық дерматитке шалдыққан науқастардың тері сынамасын да талдап көрген. Ауру зақымдаған тері бөліктеріндегі натрий деңгейі мөлшерден 30 есе жоғары болған. Яғни көрсеткіш жоғарылаған сайын  адам атопиялық дерматит сияқты терінің созылмалы ауруларына жиі шалдығады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *