«Қазақфильм» еліміздің 24 қаласында кастинг өткізеді

562

«Қазақфильм» киностудиясының «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді барлық қазақстандықтар өз бағын сынап, кастингке қатыса алады.  Кастинг еліміздің 24 қаласында өтеді. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

— Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде  күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9000-нан астам мәлімдеме келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында кастинг өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады, — деді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.

 Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады.

Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек.

Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз!

 Жақын күндері кастинг келесі қалаларда өтеді (кастингке қатысу ақысыз өтеді):

 

Кұлсары

26 ақпан

Мәдениет үйі, 1-ші қабат, би залы (Махамбет көш., 37, «Кең Жылыой» ауданы);

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Тараз

26 ақпан – шығармашылық ұйымдар үшін

27, 28 ақпан – қала тұрғындары үшін

Мәдениет үйі (Рахимов көш., 55).

@kasymkhanfilm_shymkent инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Торғай

27 ақпан

Н.Ахметбеков ат. Мәдениет үйі, 2 қабат, конференц-зал (с. Торғай, Қайнекей көш., 9).

@kasymkhanfilm_kostanay инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Атырау

27 ақпан — шығармашылық ұйымдар үшін

28 ақпан – қала тұрғындары үшін

№ 2 Орталық қалалық кітапхана (Балықшы ауылы, Байжігітов көш., 66 А).

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Екібастұз

27 ақпан — шығармашылық ұйымдар үшін

28 ақпан — қала тұрғындары үшін

«Өнер» Қалалық мәдениет орталығы (Әуезов көш., 147).

@kasymkhanfilm_pavlodar инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Арқалық

28 ақпан және 1 наурыз – қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

Мәдениет үйі, 1 қабат, 1-ші кабинет (Абай даңғ., 27).

@kasymkhanfilm_kostanay инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Өскемен

27ақпан — шығармашылық ұйымдар үшін

28 ақпан, 01, 02 наурыз – қала тұрғындары үшін

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, 4 қабат, балет залы (Сәтпаев даңғ., 55).

@kasymkhan_semey_oskemen инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Шымкент

01,02,03 наурыз – қала тұрғындары үшін

04,05,06 наурыз – шығармашылық ұйымдар үшін

@kasymkhanfilm_shymkent инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Түркістан

26, 27, 28 ақпан және 01 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

02 наурыз — қала тұрғындары үшін

 «Тұмар» сауда орталығы, 2 қабат (Тәуке хан даңғ., 301).

@kasymkhan_kyzylorda инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Ақтөбе

01, 04, 05 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

02, 03 наурыз — қала тұрғындары үшін

Т.Ахтанов ат. Ақтөбе облыстық драма театры, кіші зал (Т. Ахтанов көш., 52).

@kasymkhanfilm.aktobe.uralsk инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Павлодар

01, 04, 05 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

02, 03 наурыз — қала тұрғындары үшін

«Колос» балалар мәдени орталығы, үлкен зал (Астана көш.,156).

@kasymkhanfilm_pavlodar инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Теміртау

01 наурыз – шығармашылық ұйымдар үшін

02 және 03 наурыз – қала тұрғындары үшін

Мәдниет үйі (Республика даңғ., 38).

@kasymkankaraganda.temirtau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Астана

27, 28 ақпан, 01, 05 наурыз  — шығармашылық ұйымдар үшін

02, 03, 04 наурыз  — қала тұрғындары үшін

Есіл өзені бойындағы Амфитеатр (Тұран даңғ., 2/6).

@kasymkhanfilm1 инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Қостанай

02 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

03 и 04 наурыз — қала тұрғындары үшін

Омаров ат. Қазақ драма театры, 3 қабат, кіші зал (Тәуелсіздік көш., 144).

@kasymkhanfilm_kostanay инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

 Жаңаозен

04 наурыз — қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

с. Теңге, «Атамұра» Мәдениет үйі (А.Керейұлы көш., 41 А).

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Семей

03, 04 наурыз — қала тұрғындары үшін

05,06 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

Мәдениет үйі, үлкен зал (Бауыржан Момышұлы көш., 43).

@kasymkhan_semey_oskemen инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Ақтау

02, 03 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

05 наурыз — қала тұрғындары үшін

11 ықшамауданы, «Юность» сауда орталығы, 2 қабат.

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

 Жезқазған

04 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

05 наурыз — қала тұрғындары үшін

С.Қожамқұлов атындағы қазақ музықалық драма театры (Сәтпаев көш., 1).

@kasymkhan_zhezkazgan инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Қызылорда

03, 04, 05, 06 наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

07 наурыз — қала тұрғындары үшін

Тоқмағамбетов ат. Мәдениет үйі (Қазыбек би көш., 21).

@kasymkhan_kyzylorda инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Жетісай

07 наурыз — қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

К.Жандарбеков ат. Жетісай драма театры им. (Қожанов көш., 71).

@kasymkhanfilm_shymkent инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Орал

06, 07наурыз — шығармашылық ұйымдар үшін

08 наурыз — қала тұрғындары үшін

Қадыр Мырза Әлі ат. Мәдениет және өнер орталығы(Әбілқайыр хан көш., 183).

@kasymkhanfilm.aktobe.uralsk Абылхаир хан көш

Көкшетау

06, 07 наурыз — қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

Неке қию сарайы, 1 қабат, 10 кабинет ( М.Ауезов көш., 119/1).

@kasymkhanfilm1 инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Карағанды

06, 07, 10 наурыз  — шығармашылық ұйымдар үшін

08, 09 наурыз — қала тұрғындары үшін

С. Сейфуллин ат. Қарағанды облысы қазақ драма театры (Бұхар – Жырау даңғ., 25).

@kasymkankaraganda.temirtau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Петропавл

09, 10 наурыз — қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

С.Мұқанов ат. Солтүстік Қазақстан облысытық қазақ музыкалық драма театры (Ж.Жабаев көш., 195).

@kasymkhanfilm1 инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Сондай-ақ фильмнің ресми инстаграм парақшасы — @kasymkhanfilm арқылы басқа да жаңалықтармен таныса аласыздар.  

Айта кетсек, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдауға болады: жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз,  бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ басынан аяғына дейін бір сурет,  және өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөніңізді, жасыңызды, бойыңыз бен салмағыңыз, біліміңіз және кинодағы тәжірибиеңіз туралы).

 

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы бандайтын киножобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. Фильмнің көркемдік жетекшісі – «Ертұрғыл» сериалын түсірген түрік режиссері Метин Гюнай.

Анықтама телефондары: 8 775 185 1082, 8(727)302-12-81




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *