АСҚАР МАМИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІН ТАНЫСТЫРДЫ

467

Асқар Мамин Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс  сессиясының барысында мәслихат депутаттарына Мемлекет басшысының Өмірзақ Шөкеевті Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындау ұсынысы туралы хатын оқып берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша, депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады, — деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.  

Премьер-Министр Түркістан облысының активімен өткен кездесуде Жансейіт Түймебаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Түркістан қаласының алғашқы әкімі ретінде ол облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру, жаңа облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын ұйымдастыру, көші-қон мәселелерін, жаңа қаланың ауқымды құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірқатар жұмыстарды атқарды.

А. Мамин облыстың жаңа әкімін таныстыра отырып, Ө. Шөкеевтің Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімі ретінде аталған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Бұдан өзге, Премьер-Министрдің Орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі ретінде өзін іскер, тәжірибелі басшы және жоғары деңгейдегі ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі әлеуметтік маңызды міндеттерді сапалы орындап, Мемлекет басшысының сенімін ақтауға мүмкіндік береді.

«Түркістан облысының дамуы Елбасының ерекше назарында. Мемлекет басшысының бастамасымен қасиетті Түркістан қаласында үлкен құрылыс басталды», – деп А. Мамин, жергілікті атқарушы органдар алдында жаңа қаланың жаңғыруын уақытылы қамтамасыз етіп, бүкіл түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ретінде өркендету және оны қарқынды дамыту,  жұмыс орындарын ашу, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту айрықшабойынша жауапкершілікті жүктейтін міндеттер қойылғанын атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *