Көпбалалы отбасылар 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігіне ие болады

577

Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде  Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігі берілетінін айтты, — деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

«Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын»,- деп Мемлекет басшысы көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыруды тапсырды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *