Қарттарға қамқорлық — жастардың парызы

601

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  45-ші кітапхана-бөлімшесі «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» орналасқан.  Кітапхана  ардагерлер мен мүгедектерге кітаппен қамтамасыз ете отырып, әртүрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Сонымен қатар басқа да мекемелер мен оқу орындары арасында тығыз байланыс жасайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Көмек» қоғамдық қорының жалынды жастарымен «Алпысқа келгеннен ақыл сұра!», Назарбаев зияткерлік мектебімен «Бір қарияның әңгімесі», орталық тұрғындармен «Жүректен — жүрекке» атты жобаларды бірлестіп атқарды. Бұл жобалар арқылы қарттар үйіндегі ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерімізді қоғамның ажырамас бір бөлігі екенін сездіріп, жеке шығармашылықтарына шабыт беріп, ой-толғауларын естіп, көкейлерінде жүрген, айтарым бар еді деген өмірлік тәжірибелерімен санасу еді.

Осы мақсатта барша жастарды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнеге, үлкенді сыйлау, мейірімділікке, қарттарды құрметтеуге үндеу. Биылғы «Жастар жылы»  аясында Алматы технология және флористика колледжінің директоры Анарбек Нұрымбетов пен тәрбие ісі директорының орынбасары Жанар Ахмеджанова бастаған оқытушылары Мұхтар Төлегенов, Меруерт Мұстафақызы, кітапханашы Ардақ Оспанжан және студенттері көптеген іс-шаралар өткізуде. Атап айтқанда,  Ұлы Отан соғысының,  Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер өтті. Сонымен қатар ардагерлерді колледжге шақырып, студенттердің оқу-тәжірибесімен бөлісті.

Алжапар Ауталипов пен Лидия Божевальная, Анатолий  Белик студенттердің өздері жасаған бұйымдар мен гүл бақтарын тамашалады. №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Раиса Мұсабекқызының атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Біздерге әрдайым осындай қолдау көрсетіп отырған мекеме басшысы Раиса Сыпабекова мен әлеуметтік ісі жөніндегі директорының орынбасары Римма Туреханқызына алғысымыз шексіз. Қарттарымыз түпсіз терең дария десек, қарияларымыз білетіні де, көп. Олар біздің өткені мен бүгіні, шежірелеріміз, тұнып тұрған тарихимыз.

Бақыт Сыдықова,

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №45 кітапхана-бөлімішесінің меңгерушісі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *