Наурызда қанша күн демаламыз?

1092

2019 жылдың наурызы — мерекеге толы ай. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сай келуіне байланысты, мереке үш күн — 8-10 наурыз аралығында тойланады. Дәстүр бойынша, Қазақстанда көктемгі Наурыз мерекесі 3 күн — 21 наурыздан 23 наурызға дейін аталып өтіледі. 23 наурыз сенбіге сай келетіндіктен, демалыс күн дүйсенбіге, 25 наурызға ауысады. Жалпы, наурызда 14 демалыс және 17 жұмыс күні бар.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *