Шымкент және найман стереотиптері қай кезде жойылады?

379

    Қазақ халқы  ежелден тату-тәтті, бей-берекет өмір сүрген халық. Бүгінгі таңда Қазақстанда  140-тан астам ұлт өкілі тұрады.  Солардың ішінде  қазақтардың  түсінігі бойынша «Шымкент» деген бөлек мемлекет  немесе «найман» деген ұлт бар. Бір таңғаларлық жайт,  қай жақтың тумасысың деп сұраған кезде, Шымкент деп жауап беруге шорқақтаймыз. Неге? Себебі  Шымкенттенмін деп айтсаңыз, ойбай деп қаша жөнеледі. Бұл өзіміздің қазақтар. Қазақстанның әр аймағына тән қатып қалған қағида қалыптасқан.  Халық арасында «Шымкентский вариант», «Шым», «Шымкентте бәрін сатып аласың», «Өй, оқығанша, дипломды  Шымкенттен сатып ала салсай», « По-шымкентский», «Шымкентский келін» деген  сөздерді көп естиміз. Бұл сөздерді халық арасында қолдануды азайтқанымыз жөн. Құлаққа жағымсыз естілетін қысқа, әрі мағынасыз сөйлемдерге назар аударсақ, үлкен бір проблема жатыр. Бұл қазақтардың өзін-өзі мазақ қылғаны ма? Кемсіту деп атаймыз ба, әлде қалай атаймыз?! Тарихымыз, салт — дәстүріміз қайда қалғаны сонда? Шымкент деп бөлінгенше, қазақпыз  деп бір болайық.

Елімізде Шымкентке жететін өңір жоқ. Қай жағынан салыстырсанда, алдынғы қатарларда шырайлы қаланың халқы тұрғанын байқаймыз. Шымкентте  дүниеге келгендер алғыр, пысық болып келеді. Ата — бабамыздан келе жатқан сонау салт-дәстүрлерімізді де Шымкенттіктер толық ұстанады. Ал енді басқа тұстарын қарастырайық. Олар өте жарқын жүзді. Қонақ күткенде құдай күткендей  күтіп алады. Өзім Алматы облысының тумасымын. Біздің де алматылықтар құр қалмайды. Әйтсе де Шымкенттіктер сияқты қонақ күтетін жайдары жандарды көрмедім. Менімен келісітін шығарсыздар.Біздің олардан үйренеріміз көп. Қазіргі заманда қазақи тәрбие көрген, ешқашан біреудің бетіне тіке  қарап сөйлемейтін қыздарымыз да азайып бара жатыр.  Шырайлы қаланың бұрымды арулары тәрбие көрген. Осы жерде бір мысал келтіргім келіп отыр,  Шымкенттіктердің бір жақсы қасиеті ­бар. Олар әрдайым аға-көке деп сыйласа алады. Міне, өнегелі елдің үстемін  мерейлі ететін ұрпақ!

      «Өмірді сүру керек болса, Шымкентте сүру керек» деген екен.  Осы  сөздерге  толықтай келісемін.  Шымкент қаласының  тарихына үнілетін болсақ. Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенсек,  қала б.з.д. I ғасырда салынған.  Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан.Жылдар бойы бұл қалаға туристерде көп келген. Шымкент деген сөздің өзі «жасыл қала»,  «көк жайлау» деген мағыналарды білдіреді екен.  Шымкент қаласы миллионға жуық халқымен  еліміздегі ең ірі қалалардың қатарында.

   Сонымен қатар, құлағымыз естіп жүрген, көзіміз көріп жүрген өзіміздің орта жүзге кіретін найман деген ру бар. Олар да өте пысық болып келеді.  «Найман» сөзінің өзі профессор Березиннің пайымдауынша, моңғол тілінен сегіз , сегіз ру деген мағынаны білдіреді. Байырғы  заманда  Шыңғыс хан тұсында Таң, Бұйрық деген ағайынды екі хан билеп, екі бөлініп тұрды. Шыңғыс екі ханды да өлтіріп, елін шапқанда, найманның бір бөлегі күнбатысқа қашып барып, осы күнгі моңғол ішінде моңғол болып қалған наймандар — соның нәсілі. Бұл найманның да көбі жер жүзіндегі түрік нәсілдерінде бар. Елімізде найман болу бір қорқыныш болып барады. Себебі найманмын десең, жұрт жаман көзімен бір сүзіп: «Бәсе, көрініп ақ тұр найман екенін» деп жауап береді. Бұл да сонау қазақтардың жазылмайтын дертіне айналды.

        «Шымкент» және «найман» стереотипі жайлы. Адамдардың бойын күншілдік,  көре алмаушылық билеген кезде, досы былай тұрсын,  туғанын сатып кетеді. Бұл да бір көре алмаушылықтың бейнесі шығар. Көпке топырақ шашуға болмайды. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Бірақ өмірге деген құлшынысы жақсы, тіршілігі мықты жандарды біздің елімізде   аяқтан шалу көп кездеседі. Өмір тек қана түзу жолдан жасалмаған, өмірде кедергілерге толы қисық жолдар да бар. Осындай жолдардан амалын тауып, айналып өтетін шырайлы Шым қаланың тұрғындары мен орта жүздегі найман руынан шыққан пысық жандар екенін мойындағанымыз жөн.

Тарихы терең, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстанымызды көркейтіп, еш уақытта сен анандайсың,  сен мынадайсың деп бауырларымыздың пысықтығын, көңілдерінің жайдары екендігін бетіне басып реңжітіп алмайық!Білгенге маржан ағайын! Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған  ұлтымыз ақты ақ, қараны қара демей өнегелі, сыпайы, жанашыр  ұл мен қызды тәрбиелеген. Барлығын бірдей бауырына қысып, бауыры көрген.

             Наргиз Бекен – «Тұран» университеті,

«Журналистика» мамандығының 2 курс студенті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *