Елбасы Мысыр Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

382

Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», — делінген жеделхатта. Еске сала кетсек, Каир қаласындағы Рамсес вокзалында жолаушылар пойызы платформаға соғылған. Жүрдек пойыздың жанармай багы жарылып, апаттан кем дегенде 25 адам мерт болып, 50-ден астамы зардап шеккен. ҚР СІМ мәліметінше, зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *