Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» фильмі Германиядағы кинофестивальге қатысады

651

Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» атты қысқаметражды фильмі XIX рет Карлсруэ қаласындаөткізіліп жатқан The Independent Days International Filmfestival (IDIF) фестивальге қатысып отыр. Кинофестиваль 2019 жылғы наурыз айының 3 мен 7 аралағында өтеді. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Аталған фестиваль Еурападағы тәуелсіз киноның ең қызықты фестивалі санатынан және Еурапалық Кинофестивальдер Ассоциациясына кіреді. Еуросоюз фестивальге EFFE (Europe for festivals — festivals for Europe/Еуропа фестиваль үшін/Фестивальдер Еуропа үшін) статусын берген. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. 

— Фильм фестивальдік ғұмырын жалғастырып жатқанына қуаныштымын. Жас режиссерлерге қолдау білдіріп жүрген «Қазақфильм» киностудиясына алғыс айтамын. Және де түсірілім тобына да мың алғыс, — деді режиссер Венера Қайыржанова.

Айта кетсек, бұл кинотуынды әлемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалінің кәсіби бөлімі – Short Film Corner бағдарламасына, халықаралық «Еуразия-2018» кинофестивалінің басты байқауына, сондай-ақ  Baikonyr Short Film Festival және «Бастау» фестивальдерінің конкурстық бағдарламаларына қатысып үлгерді.

Сондай-ақ, картина былтыр Санкт-Петербургтағы V халықаралық «Inтонации» кинофестивалінде «Фильмдегі ерекше дыбыс шешімі үшін Григорий Яковлевич Франк атындағы арнайы сыйлықпен» марапатталды,  Moscow Shorts-18 атты тағы бір ресейлік кинофестивальде үздік сценарий призін жеңіп алды.

Айта кетелік, аталған картина бірнеше халықаралық кинофорумдардың конкурстық бағдарламаларында көрсетілген болатын: — 14-ші «Еуразия» ХКФ, 1-ші халықаралық «Ertis Cinema» (Павлодар)  қысқаметражды көркем фильмдер және деректі фильмдер фестивалінде, 3-ші республикалық «Байқоңыр» фестивалінде, 7-ші «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептер халықаралық кинофестивалінде және Б.Нөгербектің 70-жылдығына орай Астанада өткен кинофестивальде.

Ал жуырда The «16° Internacional Festival Signos de la Noite» 16-ші ХКФ конкурстық бағдарламасына қатысқан.  Кинофестиваль 2019 жылғы қаңтар айының 4 мен 7 аралығында Португалияның Лиссабон қаласында өткен.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *