Ақпан айындағы доллар бағамы

2126

Жылдың басында теңгенің долларға шаққандығы құны біршама шарықтап кеткен еді. Сол кезде экономистердің басым көпшілігінің болжамы — доллар бағамының 400 теңгеге дейін жететіндігі болды. Тіпті, болжамды 420 теңгеге дейін өсірген сарапшылар болған еді. Алайда, доллар жылдың басындағы құнынан ақпан айында әжептәуір төмендеді. Мәселен, 1 ақпанда 380 теңгеге жеткен ол, 5-ақпанға дейін 382,74 теңгені көрсетіп тұрған еді. Айдың 6-сында доллар бағамы 376 теңгеге дейін түсті. Әрі ай бойы теңгенің долларға шаққандағы құны 376 мен 378-дің аралығында болды. Наурыз, Сәуір айларында доллардың құны 350 теңгеге дейін түсуі мүмкін деген болжамдар айтылуда. Ал жылдың ортасында әрі күзге қарай доллар бағамы біршама өсуі мүмкін. Экономистердің болжамы бойынша ол — 380-400 теңгенің маңайында болмақ.

 

 

Есен Байнұр




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *