Дәрі-дәрмек жүйке жүйесін зақымдайды

615

Дәрілік заттар психикалық ауытқушылыққа душар етеді.

Даниялық ғалымдар антибиотиктерді көп мөлшерде қабылдау психикалық аурулардың қаупін арттыратынын анықтады.  Зерттеуге 1995-2012 жылдар аралығында туылған 1 098 930 адам қатысқан. Мамандар еріктілердің 2013 жылға дейін ауырған жұқпалы ауруларын, асқынған дерттерін және әсері күшті дәрі-дәрмектерді қабылдауды талап ететін ауруларды анықтаған. Сонымен қатар, дәрігерлердің жазып берген диагноздары мен дәріқағаздарына сәйкес, психикалық аурулары да анықталған. Белгілі болғанындай, барлық ауыр инфекциялар психикалық дертке шалдығу қаупін 1,84 есеге арттырған. Антибиотиктерді қабылдау бұл қауіпті 1,4 есеге арттырған. Бактерияға қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау шизофрениялық ауытқуларға, обсессивті-компульсивті бұзылуға, тұлғалық және тәртіптік ауытқуларға, ақыл-ойдың кемуіне, аутистикалық спектр ауытқуларына түрткі болған. Бұл өз кезегінде ішек микробиомы мен орталық жүйке жүйесінің тығыз байланысымен түсіндіріледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *