Халықаралық еңбек ұйымына 100 жыл

1611

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бекіткен жоспарға сәйкес «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының ұйымдастыруымен Халықаралық еңбек ұйымының 100-жылдығына орай Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің және кәсіподақ көшбасшыларының, «Оңтүстік» медицина қызметкерлерінің Ассоцациясы өкілдерінің қатысуымен кәсіподақтар орталығында «Денсаулық және әл-ауқат» атты семинар-кеңес өткізілді.

Филиал төрағасы Е.Батырбеков баяндамасында Халықаралық еңбек ұйымының тарихына, пайда болуының саяси, әлуметтік, экономикалық себептерін атап өтті:

— Халықаралық еңбек ұйымының «Денсаулық және әл-ауқат» бағдарламасы: салауатты қызметкерлер, лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайлары мен жұмыс күшінің өнімділігін арттыруға бағытталған.

— Бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін адамдар көп. Қажетті медициналық көмекке жалпы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, лайықты еңбек жағдайы қажет.

— 2030 жылға қарай ЖҚТБ індетін тоқтату.

— Денсаулық сақтаудағы қызметтерді әмбебап қамтамасыз ету.

— 2030 жылға қарай қауіпті химиялық заттарды, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануына байланысты өлім мен аурудың санын айтарлықтай азайтады деп көрсетілгені жөніндегі Филиал төрағасының баяндамасы қызу талқыланды.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»

аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы А.Датқаев




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *