Асылжан Мамытбеков қызметінен босатылды

386

Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірнеше жауапты хатшы қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

 Мамытбеков бұған дейін Қостанай, ОҚО, Астана қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2007-2008 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдар аралығында «ҚазАгро» холдингінің басшысы болған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *