Жайық жағалауынан 1,3 тонна балықты жинауға еріктілер көмектесті

640

Барлық жиналған балық есепке алынды және жойылды. Оның салмағы қозғалған қылмыстық іске қосылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, жиналған балықтың салмағы келтірілген зиянды есептеу үшін қылмыстық іс материалдарына қосылады.
— Біз балықты жинауға көмектескен еріктілерге алғысымызды білдіреміз, біз өз тарапымыздан қауіпсіздікпен қамтамасыз еттік. Өзен біздің ортақ байлығымыз, осындай белсенді азаматтар бары қуантады,- дейді Сәдібекұлы. — Жақын күндері өзен мұзы еріген соң арнайы техниканың көмегімен өзенді тазалаумен балық аулау кооперативтері мамандары айналысады.
Артур Сәдібекұлы айтқандай, барлық жиналған балық желтоқсан айында өлген, жаңа балық қаңқасы табылған жоқ.
Жайық өзеніндегі су сынамалары аптасына екі рет Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен, Экология департаментімен және «Қазгидромет» РМК-мен қабылданады. Су көрсеткіштері қалыпты және тұрғындар мен жануарларға қауіп төндірмейді.
Балық өлгеннен кейін екі қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.Полиция қызметкерлері мен ветеринарлар балық өнімдерін өткізу нүктелерін бақылайды. Халық арасында балық немесе су арқылы улану жағдайлары тіркелмеген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *