Астанада ертең көп балалы аналар үшін ашық есік күні өткізіледі

653

Акция аясында әйелдер дәрігерлердің кеңесін ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

12 наурызда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көп балалы аналар терапевт, невропотолог, уролог, гинеколог, хирург, стоматолог, кардиолог сияқты дәрігерлердің кеңесін алып, ЭКГ, УДЗ сияқты тексерістерден өте алады.

Сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін оларды окулист және отоларинголог қабылдайды. Ашық күн Мамбетов, 28 мекенжайы бойынша орналасқан Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь базасында, көшесінде өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 25-19-40, 87084251940 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *