Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы ұлттық команда қоржынына үшінші алтын медаль салды

616

 Жасөспірімдер арасында Лас-Вегаста өтіп жатқан ауыр атлетикадан  Әлем чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Сәпи Есенгелді ұлттық команда қоржынына үшінші алтын медаль салды.

«Бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын түсті. 81 келіге дейінгі салмақта помостқа шыққан Сәпи Есенгелді қоссайыс бойынша 309 келі (жұлқа көтеруде 134 кг, серпе көтеруде 175 кг) салмақты бағындырып, алтын медальға ие болды. Сәпи үшін бұл бірінші халықаралық сайыс», — деп хабарлады Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғайды. Ел қоржынына алғашқы медальды 16 жастағы спортшы Сайрамкез Ақмолда салған еді. Алматы облысының тумасы 61 келіге дейінгі салмақ санатында алтын жүлде жеңіп алды. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы сайыстың екінші күні 67 келіге дейінгі Сайхан Тайсуев қоссайыста 288 келі көтергенін (127 келі жұлқа көтеруде және 161 келі серпе көтеруде) хабарлады. «Сонымен бірге Сайхан жұлқа және серпе көтеру жаттығуында кіші алтын медальді иеленді. Бұдан бөлек, Сайхан жұлқа көтеруде өзінің жас санатында жаңа әлемдік рекорд орнатты», — деп хабарланған федерацияның хабарламасында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *