БҰҰ Эфиопиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алды

167

Эфиопияда құлаған ұшақ құрбандарын еске алу үшін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде үнсіздік жарияланды. Ұшақта қаза тапқандардың арасында БҰҰ-ның 22-і қызметкері болған. Бұл туралы kazgazeta.kz   24.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Аддес-Абебаның әуежайынан Найробиге бет алған «Боинг-737 Макс-8» ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 149 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Қайғылы жағдайға байланысты БҰҰ–ның туы төмен түсірілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *