Елімізде Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға шектеу қойды

173

Азаматтық авиация комитеті Қазақстанда Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына шектеу қойды.

Комитеттің фейсбуктағы парақшасында: «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан «СКАТ» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалуды уақытша тоқтатты. Қазақстандық тізілімде бұл үлгідегі бір ғана әуе кемесі тіркелген», — деп көрсетілген.

Бұған дейін Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырап, ұшақта БҰҰ 19 қызметкері қайтыс болған. Еуропалық Одақ аумағында Boeing 737 MАХ ұшағын пайдалануға да тыйым салды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *