Балалар арасындағы семіздік

1606

Британдық «The Lancet» ғылыми баспасы 5 жастан 19 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында артық салмақ пен семірудің таралуы 1975 жылы 4% -дан 2016 жылы 18% -ға дейін күрт өскенін жариялады. Бұл көрсеткіш екі жыныстағы балалар мен жасөспірімдерге тең бөлінген. Яғни, 2016 жылы қыздардың 18% және ер балалардың 19% артық салмаққа шалдыққан.

Мәселен, 1975 жылы 5-тен 19 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің 1% ғана семіздікке ұшыраса, ал 2016 жылы олардың саны 124 млн-ға дейін жетті. Олардың ішінде (қыздар 6% және ұлдар 8%).

Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің балалар қорының денсаулық және тамақтану бағдарламаларының мамандарының пайымдауынша, Қазақстанда балалардың артық салмағы мәселесі әлеуметтік сипатқа ие болды. Мысалы, Қазақстанда эпидемиологиялық мониторинг бойынша 3-4 сыныптағы барлық балалардың 77,5% -ы қалыпты салмаққа ие, ал 19,1% -ы соның ішінде семіздікке шалдыққандар, олардың арасында 6,5% ұлдар және 5% -ы қыздар, 1,1% — артық семіздік. Негізінен бұл дертке балалардың тамақтану процесі, нәрестелерді дұрыс тамақтандыру, кедейлік кесірінен уақытылы тамақтанбау салдары, азық-түлік қауіпсіздігі мен ата-аналардың білім деңгейі тікелей әсер етеді.

ҚР Денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың 20% -ы семіздікке ие, негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары, сондай-ақ солтүстік және орталық Қазақстан тұрғындары. Сарапшылардың пікірінше, семіздік жылдан-жылға үдеп келеді, жас балалар арасында семіздікке шалдығу қазіргі уақытта 40 жыл бұрынғы статистикаға қарағанда 10 есеге артқан.

Мәселен, көптеген жылдар бойы қоғамдағы денсаулық мәселелерімен айналысып басында жүрген« Аман-саулық »ҚҚ президенті Бақыт Түменова, балалар арасындағы артық салмақ көптеген қауіпті ауруларға әкеп соқтыратыны жайлы айтты.

«Балалық семіздік мезгілсіз өлім мен ересек адамның мүгедектігіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Семіздік балаларға тыныс алудың жетіспеушілігіне, гипертонияға, жүрек-қан тамырлары ауруларының ерте белгілеріне және психологиялық проблемалардың туындауы мүмкін », — деді өз сөзінде Бақыт Түменова.

Сарапшы маманның айтуынша, семіздік проблемасы елдегі жас ұрпаққа әлеуметтік қатер төндірмеуі үшін Қазақстанда салауатты өмір салты дағдыларын барынша дұрыс қалыптастыру жолында үкіметтен бастап, халықаралық серіктестер, азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар болашақта біраз жұмыс жасау қажет. Сол арқылы артық салмаққа жол бермей, көптеген қиындықтардың алдын алуға болмақ.

Светлана Әбдрахманова

 «Амансаулық» Қоғамдық Қоры




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *