IT- МАМАНДАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

229

Облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен  экономиканың дамуына қажетті басымдықтарға байланысты 8 салада (білім беру, қызмет көрсету және туризм, техникалық және технологиялық, көлік, тігін және тоқыма өндірісі, IT-технологиялар, құрылыс, ауыл шаруашылығы) облыста 17 колледжде  22 мамандық бойынша арнайы орталықтар құрылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Орталықтардың мақсаты – елдің индустриалды-инновациялық дамытудың сұранысын ескере отырып, жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту, сондай-ақ, колледж бітірушілерінің сұранысқа сәйкес жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін құрылған құзыреттілік орталыққа енген 36 колледж қазіргі таңда өңірде IT-технология саласы бойынша мамандар даярлайды.  Бүгінде облыстық білім басқармасы мен  VISION интернет маркетинг компаниясы арасында ынтымақтастық орнату жұмыстары жүргізілген.  Биыл 25 ақпан – 8 наурыз күндері аралығында облыстағы 22 колледждің ІТ технология саласының 23 маманы «WEB-дизайн», «Графикалық дизайн» тақырыптары бойынша кешенді біліктілігін арттыру курсынан өтті. Аталған курстар нәтижесінде педагог кадрлардың заманауи талаптарға сәйкес, кәсіптік білім беру сапасын көтеру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярланбақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *